Тоғызқұмалақ тарихы

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.

rahimbay


Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қаратай-Шеркессия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.

Қазақстан Республикасының Тоғызқұмалақ ойыныннан жекелей чемпионаты ресми түрде 1974 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жыл сайын ересектер арасында жекелей және командалық, жастар мен жасөспірімдер арасында, ардагерлер арасында чемпионаттар өткізуде.

1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыстар ұйымдастырылып келеді. 8 жыл ішінде бұл жарысқа Моңғолия, Ресей, Қырғыз, Өзбек елдерінің спортшылары қатысып үлгерді.

Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншыларының Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы 2001 жылы құрылды.

Басты мақсат – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Мәні кез-келген жанның ақыл ойы шындап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.

2001 жылы 1 сәуір айынан бастап Астана қаласында Шахмат клубы жанынан Тоғызқұмалақ бөлімі ашылды. Оған «4» жаттықтырушы 170-ке жуық оқушылар дайындалады. «1» халықаралық спорт шебері, «3» спорт шебері , «8» спорт шеберлігіне үміткер, «11» I-деңгейлі тоғызқұмалақшылары бар.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: